Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда карантин қатаңдатыла ма: әкім жауап берді

Опубликовано:

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Шығыс Қазақстан облысы шектеу шараларын одан әрі күшейтуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз карантинді одан әрі қатаңдатпаймыз. Бүгінгі күні қабылданған шаралар жеткілікті екеніне сенімдімін. Жерлестеріме тағы да айтар өтінішім: көбірек тәртіп болса, бәрі жақсы болады", – деді Ахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыс әкімі шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан Шығыс Қазақстан неге әлі "қызыл" аймақта тұр деген сұраққа былай деп жауап берді:

"Тек қана уақыт керек. 7 қарашада тәулігіне 353 адам болса, қазір 242. Екі күннен кейін қандай нәтижеге қол жеткізетінімізді көресіз. Коронавирус індетін тежеу үшін тек уақыт керек".

Айта кетейік, Орталық коммуникация қызметіндегі онлайн брифингте 66 жастағы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтен журналистер санитар дәрігерлердің нұсқаулығын сақтау мәселесін сұрады. Қазақстанда 65 жастан асқандарға коронавирус эпидемиясына байланысты үйден қандай да бір себепсіз шықпауға кеңес берілген еді.

Одан бөлек, бұрынғы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды. 20 қарашадан бастап ол оңтүстік астана санитарлық- эпидемиологиялық департамент басшысы орынбасары атанды. Жаңа қызметі жайлы ақпаратты Байғабылов NUR.KZ тілшісіне растады. Ол жұмысқа бүгіннен бастап кіріскен.

Еске салсақ, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметін Жандарбек Бекшин атқарады. Ол бұл қызметке сәуір айында келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885733-sygys-kazakstanda-karantin-katadatyla-ma-kim-zauap-berdi/

pixel