Өткен тәулікте елімізде COVID-19 бен пневмониядан қанша адам қайтыс болған
Опубликовано:

Коронавирус белгілері бар пневмонрия бойынша соңғы мәліметтер жария етілді. Өткен тәулікте 154 қазақстандыққа аталмыш диагноз қойылған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 154 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 91 адам емделіп шықты", - делінген ресми хабарламада.
Ал жалпы 1 тамыздан бастап ауырғандардың жалпы саны - 40 848-ге жеткен. Сондай-ақ 425 өлім жағдайы тіркеліп, жазылып шыққандардың саны 29 869 жетті.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram арнасындағы ақпаратына сүйенсек, тағы жеті қазақстандық коронавирустың құрбанына айналған.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте 822 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы Көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева коронавирустан қорғану үшін созылмалы ауруы бар адамдар нені ескеруі керек екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885778-tken-tulikte-elimizde-covid-19-ben-pnevmoniadan-kansa-adam-kajtys-bolgan/