Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы шектеу шаралары туралы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның шектеу шаралары туралы жаңа қаулысы шықты.

Бұл қаулы күшіне 2020 жылдың 24 қарашасынан бастап енеді.

Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салынады.

3 адамнан аспайтын топтардан немесе бір отбасы мүшелерінен басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынады.

Қызметі қайта басталмаған бильярд, караоке, боулинг орталықтары, компьютерлік және ойын клубтары, түнгі клубтар, жабық ғимараттардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар, караоке, букмекерлік кеңселер мен лотереялар ұтыс ойыны және т. б. нысандарға баруға рұқсат етілмейді.

65 жастан асқан адамдардың қала және қоғамдық орындар бойынша жүріп-тұруына шектеу қойылады.

Жаңа қаулыға сәйкес, ХҚКО жұмысы қатаң түрде Egov.kz, Telegram-бот EgovKZBot 2.0-мен алдын ала брондау арқылы жұмыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып және сенбі күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін ұйымдастырылады.

Одан бөлек, СОСО, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы толтымдылық 30% -дан аспайтындай етіліп, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жексенбі және мереке күндері жұмыстарына (оларда орналасқан дәріханалар мен тамақ өнімдерін сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) тыйым салынады.

Сондай-ақ қаулыда қоғамдық көліктің жұмыс кестесі де көрсетілген. Жұмыс және сенбі кұндері автобустар таңғы 6.00-ден түнгі 23:00-ге дейін жолаушы тасымалдай алады. Ал жексенбі күні олардың жұмысына тыйым салынады.

Сонымен қатар құжатта барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың кем дегенде 70% жұмысшысын қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіруді қамтамасыз ету туралы айтылған.

Қаулының толық мәтініміне осы жерде танысуға болады.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте 822 адамнан коронавирус табылды. Тағы 154 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885783-nr-sltandagy-sekteu-saralary-turaly-bas-sanitar-drigerdi-zaa-kaulysy-zarialandy/

pixel