jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Жарылыс
Фото: ҚР ТЖМ

Елордадағы дәмханада орын алған газ баллоны жарылысына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техикалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр", - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, кеше елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта елорда ауруханаларында 23 адам ем алып жатыр. Осы оқиғадан кейін қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетілетіндігін айтқан Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырған болатын.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түсініксіз жағдайда күйік алған 23 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеуді бастады.

Оқиға 19 қараша күні СҚО-дағы Бескөл ауылында болған. Петропавлдың 23 жастағы тұрғыны төрт досымен жеке тұрғын үйлердің бірінде сауық құрған. Жолдастарының айтуынша, сол күні таңертең ол от жағатын үйге темекі шегуге шығады. Біраз уақыттан кейін ол жерден жанған күйі атып шыққан.

Достары оны сөндіріп алып, бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Ал от жағатын үйден еріткіш заты бар жанып жатқан канистрді тапқан. Зардап шеккен жігіт аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ол сол күні кешке жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.