Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық каскадер "Томирис" фильміндегі жұмысы үшін "Оскар" алды

Опубликовано:

Жайдарбек Күнжүгінов
Фото: Instagram/kunguzhinov

Қазақстандық каскадер Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясының "Таурус" атты жүлдесін иеленді. Көпшілік аталмыш марапатты каскадерлік "Оскар" деп атайды. Nomad Stunts каскадерлер командасының жетекшісі бұл жүлдені "Томирис" тарихи фильміндегі трюктер қойылымы үшін алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Nomad Stunts Team-ге сілтеме жасап.

"Бұл Nomad Stunts ұжымы, бәріміз үшін аса маңызды әрі бағалы жүлде болып табылады. "Таурусты" жыл сайын әлемнің үздік экшен-мамандарын табыстайды. Біз Қазақстан тарихында алғаш рет фильміміздің осынжай жоғары бағаға ие болғанын мақтан тұтамыз" - деді Жайдарбек Күнғожинов.

Айта кету керек, Күнғожинов өзінің кәсіби мансабында "Таурус" жүлдесіне екі мәрте үміткер болған. 2017 жылы оны "Викинг" фильмінде атқарған жұмысы үшін осы мараптқа ұсынды. Алайда, ол кезде жеңіс қазақстандыққа бұйырмады.

"Таурус" жүлдесінің иегерлерін марапаттау Лос-Анджелес қаласындағы Paramount студиясында өтті. Бірақ, осы жылы коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау рәсімі онлайн түрде жүзеге асырылды.

 "Таурус"- жыл сайын әлемнің ең үздік каскадерлеріне және ең мықты экшен-мамандарға табысталатын аса мәртебелі жүлде.

Еске сала кетейік, Ақан Сатаевтың "Томирис" атты тарихи фильмі өткен жылдың 26 қыркүйегінде жарыққа шыққан болатын. Аталмыш туындының түсірілімне үш миллиардқа жуық қаржы жұмсалған.

Сонымен қатар жақында белгілі режиссер өзінің заңды әйелімен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Сатаев бұрынғы жарымен жақсы жостық қарым-қатынасты сақтап қалғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885842-otandyk-kaskader-tomiris-filmindegi-zmysy-sin-oskar-aldy/

pixel