Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

Жарияланған күні:

сиырр
Көрнекі фото: КТК арнасынан

Атырау облысы Индер ауданында белгісіз себептермен мал қырылуда. Тұрғындар ірі қара ауыл іргесіндегі пияз алқабынан уланды деп күдіктенуде. Ал бақша шаруашылығымен айналысқан кәсіпкер бұл күдік негізсіз дейді. Малы қырылған жұрт енді өтемақыны кімнен дауларын білмей отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Индер ауданына қарасты Жарсуат пен Құрылыс ауылында малдың қырылуы жылда қайталанып келеді. Алайда биыл қырылға ірі қараның саны тым көп болған.

Малды бағып, күнін көріп отырған ауыл тұрғындары сиырларының қырылуын іргеде пияз егетін шаруашылықтан көріп отыр.

"Былтыр да екті. Сол пияз жиналмай қалды. Былтыр 3-4 бас өлген болар. Сол кезде ескерту алды. Мұфтолла бізге ақшасын төлесін. Сотқа арызданайын деп отырмыз, осы ауылдың кісілері. Ақшамызды төлесін. Қалай күн көреміз енді?", - дейді Жарсуат ауылының тұрғыны Берікқали Әзірбаев.

"Ауырып тұр. Аузына кола да құйып жатырмыз, шемішке майын да құйып жатырмыз. Бірақ ешқандай көмегі жоқ. Сілейіп тұр", - дейді өзге тұрғын Лаура Қапашева.

Тұрғындар сиырдың қырылуына пиязға шашылған дәрі себеп болды деген пікірде. Алайда бақша иесі мұны жоққа шығарып отыр.

"Ол су ішпегеннен өлді. Ана пиязды жегеннен кейін ішті қыздырады. Шөлдетеді. Суды ішейін деп барса, өзен қатып жатыр. Оны халықтың өзі ою керек еді. Өз малын суарып тұру керек еді", - дейді шаруа қожалығының басшысы Мұфтолла Құлбасов.

Ауданның мал дәрігерлерінен құралған топ бүгінгі күнге дейін жайылымнан 13 сиырдың өлексесін тапқан. Ал аулада ауырып тұрған ірі қараның саны он шақты дейді.

"Өлген малдан сынама алынып, облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Бір аптаның ішінде қорытындысы шығады. Қорытынды шыққаннан кейін жергілікті тұрғындарға, БАҚ-қа, хабарлама береміз. Қорытындысымен нақты шара қабылданатын болады", - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов.

Аудан әкімінің орынбасары қырылған сиырлардың қожайындарына өтемақы төлеу мәселесін зертхана қорытындысы шыққан соң арнайы коммисия қарастыратынын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысының тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап еткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Қазақстан мұсылмандары Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев есектің сүтін емдік мақсатта ішуге бола ма деген сауалға жауап бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886082-atyrau-oblysynda-mal-kyrylyp-zatyr/