RU

Өткен тәулікте елімізде тағы 678 адамнан коронавирус анықталды

тест коронавирус12
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 678 адам тіркелген. Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 126 860-ге жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

23 қарашада коронавирус анықталған тұрғындар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 25

Алматы қаласы - 46

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 68

Ақтөбе облысы - 8

Алматы облысы - 20

Атырау облысы - 11

Шығыс Қазақстан облысы - 154

Жамбыл облысы - 14

Батыс Қазақстан облысы - 33

Қарағанды облысы - 15

Қостанай облысы - 70

Павлодар облысы - 108

Солтүстік Қазақстан облысы - 105.

Сондай-ақ өткен тәулікте 840 адам індеттен жазылып шыққан. Олардың дені Солтүстік Қазақстан облысында. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 113 646.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің тағы бір аймағы яғни Ақмола облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енгенін хабарлаған едік.

Қазір "қызыл" аймақта 5 өңір: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы бар. Ал "сары" аймақта Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

23 қарашада үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізіп, коронавируспен ауырғандар саны Қазақстанның барлық өңірінде өскенін атап өтті.

Осы орайда премьер-министр денсаулық сақтау, индустрия, ішкі істер, еңбек, білім, қорғаныс министрліктері мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886090-tken-tulikte-elimizde-678-adamnan-koronavirus-anyktaldy/