Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Препарат жоқ: Алматылық дәрігер инфекцияны қалай басуға болатынын айтты

Опубликовано:

Эльмира Битанова
Фото: Алматы әкімдігің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы алматылықтардың есіне салды KAZ.NUR.KZ оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы препараттың жоқ екенін бәрімізге белгілі. Бірақ, бәрімізге жақсы таныс алдын алудың қарапайым ережелері мен шарттары бар. Бұл кезеңде циркадты ырғақтың жұмысын: уақтылы ұйықтау және демалыс, күн тәртібін дұрыс сақтау өте маңызды екенін атап өткен жөн. Екіншіден, күйзелісті жағдайлардан аулақ жүру қажет. Барлық дерттерді дер кезінде емдеп, аурудың алдын алу.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге жүк түсірудің қажеті жоқ, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды, т.б. шектеу керек. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті" , - деді Битанова.

Алдын алу шараларына қатысты Эльмира Битанова қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықты сақтаудың аса маңыздылығы мен жұқтыруды болдырмау үшін бір ғимаратта шоғырланудан аулақ болу қажеттігін атап өтті.

"Атап өткен ережелерден басқа, коронавирустың алдын алудың өте қарапайым шараларын ұстану қажет. Өз басым бұл талаптарды кейбір адамдар ғана сақтайтынын байқап жүрмін. Адамдардың бір жерде шоғырлануы, әсіресе, қыс маусымында жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Біз суықта далада көп жүре алмаймыз, сондықтан адамдар ғимарат ішіне жиналады. Санитар дәрігерлердің бізге айтып жатқан ережелерін сақтау керек. Және тек солай ғана біз вакцина пайда болғанға дейін инфекцияны баса аламыз" , - деп түсіндірді ол.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиялық қызметі қала тұрғындарына алдын алу шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Біріншіден, әсіресе 65 жастан асқан адамдар көпшілік жиналатын жерлерден аулақ жүрген жөн. Екіншіден, бетперделерді қолдану және қоғамдық орындарда, мысалы, дүкендерде, дәріханаларда және т. б. әлеуметтік қашықтықты сақтау.

ЖРВИ белгілері болған жағдайда үйден шықпай, дәрігерді үйге шақыру керек. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, балалар мен отбасының қарт мүшелерін бөлек бөлмеде оқшаулау арқылы қорғау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886231-preparat-zok-almatylyk-driger-infekciany-kalaj-basuga-bolatynyn-ajtty/

pixel