Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 107 млн теңге ұрлады деп айыпталған әкім орынбасарының ісі сотқа жетті

Опубликовано:

Қарағанды әкімі орынбасары
Фото: gov.kz

Қарағанды әкімі орынбасары қызметін атқаратын Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс сотқа келіп жетті және өндіріске қабылдау сатысында тұр",- деді Қазыбек би аудандық соты координаторы Саян Ақхожин.

Осыған дейін облыстық прокуратура қала басшысының орынбасары 12 қыркүйек күні ұсталғанын хабарлаған еді.

Ол "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бөлінген бюджеттік қаражатты оңды-солды пайдаланды және жымқырды деген күдікке ілінген. Алдын ала ақпарат бойынша, келтірілген залал сомасы 107 млн теңгені құрап отыр.

Шенеунік тергеу аясында қамауда отырды. Қарағандыда Жақсылық Шалабеков әртүрлі жылдары мемлекеттік органдарда жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

Еңбек жолын 1982 жылы Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өндірістік нысандар құрылысы бірлестігінің техникалық қадағалау бөлімінің аға инженері қызметінен бастады. 2009 жылдың тамыз айынан бастап статист, содан кейін елорданың Есіл ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Қарағанды әкімі орынбасары лауазымында ол жерді пайдалану, қала құрылысы, сәулет және тұрғын үй құрылысы мәселелеріне жетекшілік етті.

Сондай-ақ, осы жылдың сәуір айында Қарағанды жер қатынастары бөлімінің шенеуніктерін ұстау туралы хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886270-107-mln-tege-rlady-dep-ajyptalgan-karagandy-kimini-orynbasary-isi-sotka-zetti/

pixel