Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының ТЖД бастығы мезгілсіз қайтыс болды

Опубликовано:

Данилов Бағдат
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлы мезгілсіз қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

ҚР ТЖМ ұжымы ​Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Данилов Бағдат Жұмаұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Данилов Бағдат Жұмаұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш ауылында 1972 жылғы 31 наурызда дүниеге келген.

1990 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында аянбай қызмет еткен. 2015-2020 жыл аралығында Жамбыл облысы ТЖД бастығы болған.

Бүгінге дейін Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметінің бастығы қызметін атқарған. Азаматтық қорғау полковнигі әріптестеріне сыйлы, туыстарына құрметті адам болған. Атқарған қызметіне сай медальдармен, төс белгілермен марапатталған.

Еске салайық, 21 қарашада елордада кафеде болған жарылысқа қатысты оқиғаның мән-жайын Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты жариялады. Газ баллоны жарылып, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама ТЖД-ға 21 қараша күні сағат 12:25-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жеткен.

Олар жарылыс салдарынан екі қабатты коттеджге жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың ішінара қабырғалары және шатыры құлағанын анықтаған.

Сонымен қатар, 20 шаршы метр көлемде жапсарлас салынған құрылыс пен қазандықтың шатыры жанғаны белгілі болған. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған. Жалпы 600 шаршы метрдің 100 шаршы метрі қираған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886331-kyzylorda-oblysy-ttense-zagdajlar-departamenti-bastygy-mezgilsiz-kajtys-boldy/

pixel