Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолынан шыққан тортты жаңаөзендіктер сүйсініп жейтін азамат туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Торт жасайтын жігіт1
Видеодан кадр: Маңғыстау ТВ

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Сәбит Қабыкеев тәтті тағамдар пісірумен айналысады. Әуесқой кондитер бұл салаға алты жыл бұрын келген. Бастапқыда жай ғана қызығушылықтан басталған іс, қазір табысты кәсіпке айналған деп хабарлайды Маңғыстау ТВ.

Сәбит Қабыкеев түрлі тәттілер дайындаумен 21 жасынан бері айналысып келеді.

Алғашқыда тұтынушылары тек туыстары болса, қазіргі уақытта оның қолынан шыққан торттарды жаңаөзендіктер де сүйсініп жеп жүр екен.

Сәбит қызығушылығының арқасында, бұл істі бизнеске айналдырып, нәпақасын тауып жүргенін жасырмайды.

"Өзім тәттіні қатты жақсы көрем. Қытайда оқығанымда қасымдағылар ақшасын басқа нәрселерге жұмсаса, мысалы қыдыруға деген сияқты, мен кондитерлік дүкенге барып, түрлі тәттілер алып, қаржымды сондайға жұмсайтынмын. Сосын өзім қызығып, ақыры торт пісіруді үйреніп алдым", - дейді Жаңөзен қаласының тұрғыны.

Фото
Видеодан кадр: Маңғыстау тв

27 жастағы Сәбит осыған дейін басқа іспен де айналысып көргенін, алайда бәрібір торт пісіру кәсібіне қайта оралғанын айтады.

Сонымен қатар ол тек тәтті пісіруге ғана емес, тарих пен психологияға да қызығатынын атап өтті.

Ал әйелінің сөзінше, Сәбит отбасында қамқор әке, үлгілі азамат.

"Әрқашанда қолдап отырдым. Себебі, екеуміз кездесіп жүрген кезде оның бойынан жігіттік қасиеттердің бәрін аңғардым. Сөзінде тұра алатынын байқадым. Ол уақытта тұрақты кәсібі болмады", - дейді Сәбиттің жары Анар Төребаева.

Жас кәсіпкер алдағы уақытта үлкен цех ашуды жоспарлап отыр. Сол арқылы жұмыссыз жүрген жастарға тәтті жасаудың қыр сырын тегін үйретемін дейді ол.

Одан бөлек, кондитерлік кәсібін де дамытуды ойластырып отырғанын айта кетті.

Фото
Фото: Тумба.кз

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтөбеде 14 жастағы оқушы қуыршақ тоқып, айына 100 мың теңге табыс тауып отырғанын жазған едік.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында құрт сатып, зәулім үй салып алған оралдық отбасы жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886459-tort-pisirip-ksibin-dgeletip-otyrgan-magystaulyk-azamat-turaly-ne-bilemiz/

pixel