Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан COVID-19 бойынша қауіпті аймақта: Маман пікір білдірді

Опубликовано:

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Қазақстан республикасы COVID-19 жұқтыру бойынша қауіпті аймаққа жақындап қалды. Бұл туралы "Medsupportkz" қоғамдық қорының жетекшісі, денсаулық сақтау саласындағы биологиялық ғылымдар мен коммуникациялар бойынша бакалавр әрі дәрігер Ботагөз Қаукенова онлайн-дәріс кезінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері ДДСҰ Еуропада коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін айтқанын хабарлады.

"Қазақстанда да жағдай мәз емес. Елімізде күн сайын қауіпті індетті жұқтырғандардың саны көбеюде. Бүгін коронавирус инфекциясынан болған тоғыз өлім туралы белгілі болды. Қазақстанда коронавирустың тағы бір толқыны қалай аяқталуы мүмкін" , - деп сұрады журналистер.

Ботагөз Қаукенова Қазақстанда індеттің шарықтау шегі жазда болғанын айтып, күн сайын анықталатын науқастардың саны кейін азая түскенін мәлімдеді. Алайда, оның сөзінше, бүгінде бұл көрсеткіш қайтадан өсуде.

Ол бұл ойын Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сүйене отырып айтты.

"Ол университеттің мамандары әлем бойынша коронавирустың мәліметтеріне сараптама жасайды. Жазда бізде коронавирустың бірінші шарықтау шегі болды. Тамызда науқастар санының күрт өсуінен кейін бізде күніге тіркелген жұқтыру деректерінің саны азайды.

Қыркүйекте біз бір санда тоқтап қалдық. Қазір Қазақстанда жағдай нашарлай бастады. Қазан мен қараша айларында коронавирус жұқтырудың саны көбейе бастады. Қарашада бұл көрсеткіштер одан бетер артты. Енді біз маусымдағы сандарға жақындап келеміз", -деді маман.

Қаукенова бұл мәлімттерден кейін Қазақстан коронавирус инфекциясы бойынша қауіпті аймақта екенін топшылады.

"Егер кезекті толқынның сценариі бойынша айтатын болсақ, Қазақстан айтарлықтай қауіпті аймақта" , - деді ол.

Айта кетейік, өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 720 адам тіркелді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886508-kazakstan-covid-19-bojynsa-kauipti-ajmakta-maman-pikir-bildirdi/

pixel