Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде ақ халаттылар бауыры жарылған қызды аман алып қалды

Опубликовано:

Болат Медетбаев
Болат Медетбаев. Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде дәрігерлер швед тосқауылынан құлағаннан кейін бауыры жарылған қызды құтқарып қалды деп хабарлайды "Диапазон".

Қыз швед тосқауылына мінгеннен кейін бекіткіштер үзіліп кеткен. Салдарынан қыз жерге құлаған. Ауыр соққы алған баланың бауыры жарылып кеткен. Ата-анасы оны ауруханаға апарыпы.

"Құлаған кезде бекіткіштердің сабы ішінің астында қалып, бауырын жарып жіберген, біз қызымыздан айырылып қалуымыз мүмкін еді", - дейді қыздың анасы Гүлжан.

Облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Медетбаевтың балаларды құтқарып келе жатқанына 38 жыл болған. Дәл осы ақ халатты бүлдіршінді құтқарып қалған. Оқыс оқиға орын алған кезде дәрігер үйінде болыпты.

"Қыздың жарақаты үлкен болды, ішінен қан кетіп, бауыры жарылған. Бұл органды қайта қалыпқа келтіру өте қиын. Сол күні мен үйде болдым, маған кезекшілер қоңырау шалды. Ауруханада УДЗ жасады, мен бірден осында келіп, ота жасадым. Егер бір-бір жарым сағатқа кешіксек, баладан айырылып қалуымыз мүмкін еді", - деді хирург.

Қазір науқас үйінде, сауығып келеді. Оның анасы дер кезінде көмек көрсетілгені үшін алғысын айтты.

Еске сала кетсек, Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері жүрегі мен өкпесіне пышақ сұғылған ер адамды құтқарып қалды.

Алматы тұрғынының айтуынша, ол танысымен сөзге келіп қалған көрінеді. Пышақ жарақатын сол кезде алыпты. Ер адам ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886604-aktbede-ak-halattylar-bauyry-zarylgan-kyzdy-aman-alyp-kaldy/

pixel