Тоқаев: Қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейеді
Жарияланған күні:
Қазақстанда мемлекеттік тілді қолданылу аясы кеңейеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Сәрсенбі күні партияның кезектен тыс ХХ съезінде Nur Otan сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, Мемлекет басшысы "мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейтілетінін" айтты. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Конституциясы бойынша Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады.
Сондай-ақ, Тоқаев өз сөзінде "Рухани жаңғыру"бағдарламасын белсенді жүзеге асыру жалғасатынына уәде берді.
"Бұл маңызды құжат жас ұрпақтың санасын жаңғыртуға және жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға негіз болады", - деп атап өтті президент.
Сонымен қатар, ол жаңа жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт шығындары артатынын хабарлады. Бұл адами капиталға, Қазақстанның болашағына салынатын стратегиялық инвестициялар.
"Еліміздің бәсекеге қабілетті болуы үшін біз білім беру мен мәдениет саласын дамытуға, жастарды қолдауға зор көңіл бөлуіміз керек", - деп есептейді Тоқаев.
Бұдан басқа, оның пікірінше, қазақстандық қоғамда прагматизм құндылықтарын, үнемділік, ұстамдылық мәдениетін ілгерілету маңызды.
Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XX съезінде "елде демократия жоқ" деп сынайтын азаматтарға жауап берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886629-tokaev-kazak-tilini-koldanylu-aasy-keejedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.