Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босанған әйелдердің жатырын кішірейту үшін не пайдалы екенін білесіз бе

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: pexels.com

Алматылық көпбалалы ана Бибіжан босанған келіншектердің денсаулығына қатысты өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, дүниеге бала әкелу – көп күшті қажет ететін, барлық дене-мүшеңді қозғалысқа салатын өте қиын процестердің бірі. Ал сәбиді қолға алған соң мұның бәрі ұмытылып, артта қалады. Десе де, босанған соң әйел денсаулығының қалыпқа келуі оңай емес. Сондықтан, келіншектердің өз денсаулығына, жыныс мүшелеріне аса сақтықпен қарағаны жөн деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бибіжанның айтуынша, босанған әйелдің жатырын тарылтып, бастапқы қалпына әкелуі көп уақыт алады.

"Босанған соң жатырдың созылуы физиологиялық қалыпты жағдайлардың бірі. Толғақ пен босану кезінде барлық күш осы жатырға келіп түседі. Тонус жоғарылап, жыныс жолы кеңейіп кетеді. Тіндердің қатты созылуына байланысты зәр шығару жөнінен де проблемалар болуы мүмкін. Әсіресе, физикалық күш жұмсағанда босанған әйелдердің зәрді ұстай алмауы жиі кездеседі. Мұның бәрі жатырдың дұрыс тарылмағанынан болатын жайттар. Әрине, уақыт өте келе жатыр қалпына келеді. Оған арналған көптеген жаттығулар да бар. Өзім соңғы кезде панто ванна қабылдау арқылы жатырды тарылтуға болатынын естідім. "Аламан" пантованнасының қызметін қабылдап жүрмін. Бұғы қанынан жасалған ваннаның жыныстық денсаулыққа пайдасы ұшан-теңіз. Жатырды тарылтып, теріні жасартып, денсаулықты ретке келтіреді. Бұған дейін тек ерлерге ғана пайдалы деп келіппін. Негізінде, мұның босанған әйелдерге де көмегі өте көп", - дейді Бибіжан.

Айта кетелік, бұған дейін панто ванна арқылы геморройдан ота жасатпай-ақ құтылған азаматтың оқиғасын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886656-bosangan-jelderdi-zatyryn-kisirejtu-sin-ne-pajdaly-ekenin-bilesiz-be/

pixel