Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Күдебаев: Алматы облысында аса ауыр қылмыс көрсеткіші өскен

Опубликовано:

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы
Фото: total.kz

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев азаматтарды онлайн режимде қабылдауды қолға алды. Бүгінгі онлайн кездесуде полиция генерал-майоры облыс көлемінде 11 айдың ішінде тіркелген қылмыс саны 35,4%-ға азайғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дегенмен 2020 жылдың басынан Алматы облысында аса ауыр қылмыс көрсеткіші өсіп отыр.

"Облыста 11 айда аса ауыр қылмыс саны 10,9 %-ға өскені байқалады. Бұл қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сай кейбір қылмыс түрлерінің ауыр қылмыс санатына ауыстырылуына байланысты болып отыр. Облыс көлемінде қасақана адам өлтіру 8,9 %-ға көбейген", - дейді Серік Күдебаев.

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы облыстағы басқа да қылмыстар бойынша көрсеткіштерді сөз етті.

Генерал-майор Серік Күдебаев мәлім еткендей, облыста адамға ауыр дене жарақатын келтіру 21,2 %-ға төмендеген. Оның ішінде дене жарақатынан қайтыс болғандар 31,1 %-ға азайыпты, зорлау 45,5 %-ға төмендеген.

Алматы облысында ұрлық былтырғы жылмен салыстырғанда 2,2 есеге азайған. Өңірде өткен жылы 10600 ұрлық тіркелсе, биыл 4877 ұрлық тіркеліпті. Сондай-ақ пәтер ұрлығы 2,3 есеге төмендеген.Ұялы телефон ұрлығы 2,1 есеге, көлік ұрлау 28,2 %-ға , мал ұрлығы 30,1%-ға азайған. Өткен жылы 23 мал ұрлығы тіркелсе, биыл 575 ұрлық тіркелген.

Аймақта алаяқтық 6.3%-ға, тонау 2,1 есеге, қарақшылық 2,6 есе төмендеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886686-serik-kdebaev-almaty-oblysynda-asa-auyr-kylmys-krsetkisi-sken/

pixel