RU

Сайт арқылы клиент тауып жүрген жезөкшелер ұсталды

Жезөкшелер
Фото: polisia.kz

Өткен түні криминалдық полиция қызметкерлері “Друг Вокруг” сайты арқылы жыныстық қызметтер көрсетумен айналысқан жезөкшелерді ұстаған  притондарды анықтады деп хабарлайды polisia.kz.

Жеңіл жүрісті қыздар өз клиенттеріне жалдамалы пәтерлерде ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен.

Өткен түнде полиция қызметкерлері осындай үш притонды анықтап, оның біреуінде Өзбекстан елінің 31 жастағы азаматшасы қызмет көрсеткені белгілі болды. Ал пәтер қожайындары жезөкшелерге мүмкіндік жасағандары үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, тұрғын үй пәтерлерінің бірінде массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді. Аталған пәтерлерден бес жеңіл жүрісті қыз бен бір әкімші ұсталды”,- деп атап көрсетті Алматы қаласы ПД КПБ бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ, рейд барысында анықталған барлық жезөкшелер Полиция басқармасына жеткізіліп, осы жерде ұйымдастырылған мобильдік медициналық зертханада ЖИТС-қа талдау жүргізу үшін қан  тапсырды.

Айта кетейік, Татарстанда сот 19 жастағы Азнакаев ауданының тұрғынын өзінен жүкті болған 14 жастағы мектеп оқушысын өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тапты.

Өзінен жүкті болып қалған 14 жастағы мектеп оқушысын буындырып өлтірмек болған жігіт қатаң режимдегі колонияда 9 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында жігіттің биыл әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қызбен танысқаны анықталды.

Сәуірде ол онымен жақын қарым-қатынасқа түсіп, кейінірек қыз жас жігітке жүкті болып қалғанын айтады. Жігіт кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін оны өлтіре салуды ұйғарған. Ол өзінің сүйіктісін ауылды аймаққа алып кетіп, оны тұншықтырмақ болған, сонымен қатар ол оқушыны ұрып, тепкінің астына алған.

Қыз есінен танған кезде оны машинаның жүк салғышына салып, содан кейін сайға тастап, денесін бұтақтардың арасына жасырып, қылмыс орнынан кетіп қалған. Абырой болғанда, бірнеше сағаттан кейін оқушы қыз есін жиып, жолға шыға алған. Жергілікті тұрғындар оған дереу көмектеседі.

Еске салсақ, бұған дейін он баласы бар көкшетаулық ерлі-зайыптыны өлтірген қылмыскерге сот үкімі шыққанын жазған едік. 83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелінің мәйіті 30 сәуір күні таңғы уақытта табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886725-sajt-arkyly-klient-tauyp-zrgen-zezkseler-staldy/