Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер ипотека бойынша алғашқы жарнадан босатылуы мүмкін
Жарияланған күні:
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері ипотека бойынша алғашқы жарна төлеуден босатылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің қаулы жобасына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік үкіметтің "Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" жарлық жобасын дайындап, қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жария етті.
Іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың арасында "мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін ипотекалық несие бойынша алғашқы төлемді алып тастау мәселесін зерттеу" қарастырылған.
Құжатта жоғарыда аталған мәселені 2021 жылдың үшінші тоқсанына дейін әзірлеу жоспарланып отыр, бұл іс-шараға Ұлттық экономика және қаржы министрліктері, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі жауапты болады делінген. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы ақпаратты президент әкімшілігіне жіберу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ іске асыру жоспарланға іс-шаралар қатарында "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне кірістер мен шығыстар туралы декларацияны, мүліктік және мүліктік міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор компанияларының ресми сайттарында орналастыру бойынша талаптарды енгізу, сонымен қатар осы тәрізді мәліметтерді орналастырудан бас тартқаны не орналастырылмағаны үшін жауапкершілікке, оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы талаптарды енгізу" бар. Іс-шараның аяқтау нысаны - заң жобасы. Ал орындау мерзімі 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін.
Сонымен бірге жобада
- пара беруге уәде ету/пара ұсыну үшін жауапкершілік мәселесі (заң жобасы, 2022 жылдың ІІІ тоқсаны),
- заңсыз баю мәселесі (заң жобасы, 2020 жылдың IV тоқсаны),
- мемлекеттік қызметшінің немесе құқық бұзушылық туралы уәкілетті (бақылаушы) органға хабарлаған адамның (салықтық тексеру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын тергеумен расталған) бюджетке өтелген қаражат сомасынан 1% мөлшерінде қаражат бөлігін алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, ұлттық заңнамада «quitams» қағидатын іске асыру бойынша мәселені пысықтау (заң жобасы, 2021-2023 жылдың IV тоқсаны) қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде тұрғын үй бағасы ең қымбат және ең арзан қалалардың рейтингі жарияланған еді.
Сонымен қатар сенат депутаттары баспана бағдарламалары бойынша жеңілдетілген ипотека ала алмай жүрген тұрмысы төмен қазақстандықтардың проблемасын көтерген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886835-memlekettik-zne-budzettik-kyzmetkerler-ipoteka-bojynsa-algasky-zarnadan-bosatyluy-mmkin/