Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 6 жасар баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі сурет: turkistan_polisia

Түркістан облысының Кентау қаласында жүргізуші 6 жасар баланы жолда қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Бала алған жарақаттарынан есін жимастан қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Түркістан облысының полиция бөлімі өзінің Instagram-дағы ресми парағында хабарлады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, дәрігерлер Кентау ҚПБ-не қалалық орталық ауруханасынан қоңырау шалған. Олар жол көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарымен емханаға түскен баланың көз жұмғанын мәлімдейді.

Ақпарат алысымен полицейлер оқиға орнына бірден жол тартып, мән-жайын анықтап тексеруге кірісті.

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстау үшін полицейлер бірқатар іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде күдікті көп ұзамай қамауға алынды. Ол өзінің тұрғылықты жерінен Кентауға іргелес ауылдардың бірінде ұсталған.

Күдікті
Фото: turkistan_polisia

Тергеу барысында анықталғандай, көшелердің бірінде жүргізуші рульге ие бола алмай, жолға шығып кеткен баланы қағып кеткен. Содан кейін ер адам жараланған баланы дүкеннің жанына қалдырып, көлігімен кетіп қалған. Дүкен иесі баланы байқап қалып, жедел жәрдем шақырады, алайда олар оны құтқара алмады.

Күдіктінің ауыл шетіне апарып жуған көлігін тәртіп сақщылары қорада жасырылған жерінен табады. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соттың шешімімен күдікті үй қамауында отыр.

Еске салсақ, бұған дейін жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кеткенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Павлодар облысында өзін тоқтатқан полицейге балағат сөз жаудырған жүргізуші ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886841-trkistan-oblysynda-6-zasar-balany-kakkan-zrgizusi-okiga-ornynan-kasyp-ketti/

pixel