Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Даму үшін бар жағдай жасалған»: Педагог ауылдағы интернеттің мүмкіндіктері жайлы айтты

Опубликовано:

Ауылдағы интернет
Фото: pexels.com

Интернет халықтың білім шекарасын кеңейтіп қана қоймай, өз бизнесін жүргізуге де мүмкіндік береді. Мәселен, үйден шықпай-ақ, мемлекеттік қызмет түрлері мен онлайн-білім алып, қашықтықтан жұмыс істеп, сауда жасап, телемедицина мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Тіпті, су жаңа телефонға да үйден шықпай, тікелей онлайн түрде тапсырыспен беруге мүмкіндік бар. Ғаламтордың барлық тиімді тұстары Қызылорда облысындағы шалғай ауылдардың тұрғындары үшін де қолжетімді болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шиелі ауданының тұрғыны Сымбат Омарованың айтуынша, интернет оның кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі.

Сымбат ағылшын тілінің мұғалімі. Алғашында балабақшада жұмыс істеген ол бүгінде мектепте сабақ береді. Алайда, жақын арада сәбилерге қайта оралуды көздеп отыр. Сол үшін Сымбат университеттің бастауыш сыныптарға арналған педагогика және әдістеме кафедрасына түсті, диплом алатын күні де алыс емес.

«Мен балаларды қатты жақсы көремін. Маған олаға жаңа нәрселерді, билеуді үйреткен ұнайды. Олармен бірге ойнап, ән айтқанды жаным сүйеді. Балалардың қасында болып, олармен бұйымдар жасаған үлкен бақыт», - дейді Сымбат.

Жас маман бұл мамандыққа енді келгенде көп нәрседен бейхабар болғанын жасырған жоқ. Алайда, әріптестерінен кеңес сұрап, нені қалай дұрыс істеу керектігін меңгеріп, өздігінен материалдарды зерттей бастайды.

«Балабақшаға жұмысқа тұрған кезімде тәжірибем жоқ, жас маман болатынмын. Уақыт өте келе бәрін үйрендім. Осы орайда маған интернеттің көмегі көп болды. YouTubе-тен пайдалы парақшаларды тауып, тәжірибелі педагогтардың парақшаларына жазылдым. Интернет бізге үлкен мүмкіндік сыйлап қана қоймай, сабақты қызықты етіп өткізудің түрлі тәсілдерін үйретеді. Мысалы, ағылшын тіліндегі әндер мен видеоларды көшіріп алып, балаларға тыңдатуға болады. Сондай-ақ, басқа мұғалімдердің осы және өзге де тақырыптарды қалай өткізіп жатқанын бақылай аламын. Тағы да қайталап айтамын, дидактикалық материалдар мен дамытуға арналған түрлі ойындарды көруге болады», - дейді Сымбат.
Сымбат Омарова
Фото: Сымбат Омарова
«YouTube-тен қолөнер бұйымдарын жасаудың немесе би үйретудің түрлі жолдарын нақты қадам бойынша қарауға мүмкіндік бар. Кейін мұны балалармен жұмыс кезінде қолданамыз. Желіде ертеңгілік іс-шаралардың сценарийлері де бар. Роликтерді қараған соң кеңсе тауарларын сататын дүкенге барып, қажетті заттарды аламын. Мен бұрын балабақшада жұмыс істедім, қазір мектепке ауысып, ағылшын тілінен сабақ беріп жүрмін. Алдағы уақытта балабақшаға ауысып, жоғары топтарға ағылшын тілін үйретемін және балаларды мектепке дайындаймын», - дейді жас маман.

Сымбат интернеттен дайын дидактикалық материалды сол күйі көшіріп алады деуге болмайды. Мұғалім оны қазақ тіліне икемдеп, қайта дайындап шығарған материалын өзінің Instagram-дағы парақшасына салады. Осылайша, ол өз тәжірибесін жас әріптестерімен бөліседі.

«Мұның барлығын біз өз балаларымыз үшін, олар көп нәрсені біліп, тану үшін, бәсекеге қабілетті, әлемді таныған және ашық болуы үшін жасаймыз», - деп атап өтті педагог.

Коронавирус пандемиясы оның жұмыс режиміне әсерін тигізді. Бүгінде ол қашықтықтан сабақ береді.

Сабақ
Фото: Сымбат Омарова
«Онлайн түрде қалай оқытамын деп қатты уайымдағаным рас. Бірақ бәрі ойдағыдай. Байланыс үзілген емес, сабақ кезінде өзім жоспарлаған дүниелердің бәріне үлгеремін. Видео көрсетемін, аудиожазбаларды тыңдауға беремін. Kcell (байланыс операторы – ред.) тарифы маған интернетті белсенді қолданғаныма қарамастан, толық бір айға жетеді», - дейді Сымбат.

Оның ендігі мақсаты – Instagram-дағы жеке парақшасын дамытып, біліктілігін арттырып, университетті бітіру және мойындалған педагогтардың қатарына қосылу.

«Қазіргі таңда алыс ауылдардың өзінде мобильді интернет қолжетімді. Даму үшін барлық жағдай жасалуда. Интернеттің арқасында қазіргі заманда көптеген мүмкіндіктерді жүзеге асыруға болады. Мұны оңынан пайдаланып, өз біліміңді көтеру қажет. Әлеуметтік желілерде біреулердің парақшасын ақтармай, бос уақытты тиімді өткізген жөн, үйренген дұрыс. Бұл үшін ең алдымен қызығушылық пен ішкі мотивация қажет. Жаңа дүниені қолға алу үшін қорқудың қажеті жоқ, бәрін бастау керек», - дейді Сымбат Омарова.

Қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті жою үшін «250+» жобасы белсенді түрде әрекет етуде. Бұл жоба аясында 250 тұрғыннан басталатын ауылдарда мобильді және кеңжолақты интернеттің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Kcell-дің бас техникалық директоры Асқар Есеркегеновтің айтуынша, бұл жоба Қазақстандағы үш мобильді оператордың күшімен жүзеге асуда. Олар қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздік жою үшін бәсекелестікке қарамастан, келісімге келген.

«250+» бағдарламасы ауыл тұрғындарына мобильді интернетті қолдау мүмкіндігін ұсынып қана қоймай, елдегі әлеуметтік ландшафтты өзгертеді. Өйткені, кеңжолақты мобильді интернет дегеніміз тек қана қарамайым коммуникация мен көңіл көтеру емес, бұл ауылдықтардың онлайн түрде білім алуына, қашықтықтан жұмыс істеуне, шығармашылығын дамытып, бизнесін жүргізуіне берілген мүмкіндік. Сондай-ақ, желіде телемедицинаны, мемлекеттік қызмет түрлерін және басқа да тиімді нәрселерді пайдаланауға болады», - дейді Есеркегенов.

Kcell-дің стратегиялық даму департаментінің директоры Айбек Нұрқадір «250+» жобасының ең алдымен әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті.

«Мұның өзін өзі өтеуі ондаған жылдарға созылады, бірақ ауылдықтар ірі мегаполис тұрғындарымен тең деңгейде кеңжолақты мобильді интернетті пайдалануы керек. Біздің мақсатымыз – осы тепе-теңдікті орнату. Бұл жоба біздің экономикамыздағы драйверлердің бірі болуы тиіс», - дейді ол.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886908-damu-sin-bar-zagdaj-zasalgan-pedagog-auyldagy-internetti-mmkindikteri-zajly-ajtty/

pixel