Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк жыл соңына дейін клиенттердің комиссиясын төлейді

Опубликовано:

Еуразиялық банк
Фото: Еуразиялық банк

Қазақстандықтар қызмет түрлерін төлеуге болатын терминаларды жиі қолданады. Бұл ақшаны бірнеше минут ішінде аударып жіберетін өте ыңғайлы құрылғы. Мұның уақытты үнемдейтіні де рас, алайда, комиссия төлеуге тура келетінін ұмытпау керек. Бұдан қалай құтылуға болатынын NUR.KZ баяндайды.

Жыл соңына дейін Еуразиялық банктегі қаржылық операцияларды «Касса24» терминалдары арқылы жүргізген ел тұрғындары қаржысын үнемдей алады. Несиені төлеудегі және есепшоттар мен депозиттерді толтыру кезіндегі комиссияны өз клиенттері үшін банк төлейді. 1 қарашада басталған акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жекелеген бизнес жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Иван Белохвостиковтің айтуынша, пандемия кезінде банк өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, оларға қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін көбейтуге тырысқан.

«Жаңа жыл қарсаңында «Касса24» терминалдары арқылы несиені төлеу және есепшоттарды толтыру оперциясын клиенттеріміз үшін толықтай тегін қылуды жөн көрдік. Терминалдар – банктегі есепшотты оңай толтырудың ыңғайлы әдістерінің бірі: бөлімшеге келіп, кезекте тұрудың, жолға уақыт жұмсап, денсаулығыңды тәуекелге тігудің қажеті жоқ», - дейді Иван Белохвостиков.

Екі жыл бұрын банк Қазақстан нарығындағы төлемдерді цифрландыру саласының үздік компанияларының бірімен әріптестік орнатты. «Касса24» желісіне иелік ететін Astana-Plat ЖШС директоры Евгений Кучковскийдің айтуынша, төлем терминалдарының әрбір Қазақстан тұрғыны үшін жақын жерде, қолжетімді болғаны маңызды.

Терминалдар еліміздің бар аймағында орналасқандықтан, қаланың әрбір нүктесінде несие төлемін жүргізуге немесе картаға ақша аударуға болады.

Бүгінде «Касса24» желісінде 17 000 мыңнан аса терминал жұмыс істеп тұр, ал Еуразиялық банкпен бірлескенде төлем қабылдайтын 17 500-ден аса төлем қабылдайтын нүкте бар.

«Еуразиялық банкпен әріптестік орнату – біз үшін және төлем жүйелерін қолданушылар үшін маңызды оқиға. Аталған операциялар бойынша комиссияның жоқтығы төлем жүргізудегі және біздің клиенттерімізді қолдаудағы қосымша басымдық екенін атап өткім келеді», - дейді Кучковский.

Еске сала кетейік, акция биылғы жылдың соңына дейін жалғасады. Демек, бұл келесі жылға қарызбен және орындалмаған жоспарлармен аттанбай, барлық қаржылық операцияларды биыл өтеу үшін және комиссиядан үнемдеу арқылы жақын адамыңызға жаңа жылдық сыйлық алу үшін нағыз ыңғайлы кезең екенін айтқымыз келеді.

Осы және басқа да қаржылық операцияларды орындау үшін банк клиенттері төмендегі шарттарды орындауы қажет: терминалдың басты экранынан «Қызметтерді төлеу» бөлімін таңдап, кейін «Қаржылық ұйымдар» қосымшасын ашу және «Еуразиялық банк» батырмасын басу.

Содан соң, «Несиені төлеу/Депозитті толтыру» бөлімін таңдап, өз ЖСН-ңізді енгізіп, мәліметтерді растап, ақша жіберілетін есепшотты таңдайсыз. Ең соңында қолма-қол қаражатты енгізесіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886910-eurazialyk-bank-zyl-soyna-dejin-klientterdi-komissiasyn-tlejdi/

pixel