Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келді (фото)

Опубликовано:

Ноғаев2
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Министр Нұрлан Ноғаев пен аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова алдымен "Қызылорда электр тарату тораптары" акционерлік қоғамына барып, компания жұмысымен танысты.

Аталған нысан 1964 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде онда 1016 адам қызмет атқарады. Компания аймаққа электр энергиясын беру және таратумен айналысады. Қазіргі таңда облыс бойынша электр желілері желілерінің ұзындығы 10 046,3 км құрайды, оның ішінде әуе желілері 9924,4 км, кабельдік желілері – 121,9 км құрайды.

Нұрлан аға1
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазіргі таңда "Қызылорда электр тарату тораптары" АҚ-ның электр желілері мен жабдықтарының 72%-ның тозығы жеткен. Аймақтағы 1837 трансформаторлық қосалқы станциялардың 1239 бірлігі 25 жыл бұрын салынған. Аталған станциялардың тозуы 69%-ы тозған.

вапро
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұнан соң министр мен облыс әкімі "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жұмысын көрді. Аталған орталық 1964 жылы іске қосылған және облыс орталығын орталықтандырылған жылумен қамтитын бірегей нысан. Орталыққа қарасты қала бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 186,8 км құрайды.

про
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аталған нысанды аралау барысында өңір басшысы жұмыс істеп тұрған ЖЭО-ның жаңғырту жұмысын жүргізуді қажет ететіндігін жеткізді. Атап айтқанда қуаты 45 МВТ болатын үш газтурбиналық қондырғыны ауыстыру мен қуаты 150 МВТ дейінгі бу-газ қондырғысын салу туралы мәселесіні көтерді.

Орталықтың негізгі және қосалқы жабдықтары 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылған, қазіргі таңда жабдықтарын ауыстырып, ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу қажет.

апртоь
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Энергетика министрі өңір басшысының замануи станция салу және жоғарғы технологияларды қолданысқа енгізу жөніндегі бастамасын қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887009-energetika-ministri-nrlan-nogaev-syr-eline-zmys-saparymen-keldi-foto/

pixel