Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында қатаң карантин тағы ұзартылды

Жарияланған күні:

Блок-бекет
Көрнекі фото: Хабар 24

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған сәйкес өңірде қатаң карантин шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды деп хабарлайды Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайты.

Айта кетейік, бастапқыда облыста коронавирус жағдайының күрделене түсуіне байланысты өңірдің жедел штабы карантин шараларын 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 аптаға қатаңдату туралы шешім қабылдаған еді.

Кейін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов өңірде бір аптаға бірқатар нысандар мәселен спорт нысандары, көлік бөлшектерін, ауыл шаруашылығы техникаларын сататын дүкендердің жабылатынын айтқан еді.

Сонымен қатар балалар секцияларының, үйірмелердің жұмысы мен қосымша сабақтардың тоқтатылатыны хабарланған болатын.

Сонымен бірге қалааралық қоғамдық көліктердің де (автобустар, шағын автобустар және такси) қызметіне шектеу қойылған еді.

Ал 21 қарашада облыстағы шектеу шаралары 30 қарашаға дейін тағы ұзартылды. Оған сәйкес, аймақта фудкортардың, банкет залдарының, аквапарктердің жұмысына тыйым салынғаны, жаппай іс-шара өткізуге бұрынғыдай рұқсат жоқ екені хабарланды.

Қала ішіндегі такси қызметінің жұмысына да шектеу қойылды. Таксистер тек таңғы 6 мен кешкі 22.00 аралығында ғана қызмет көрсете алады. Ал азық-түлік сататын дүкендердің, оның ішінде шағын, супер, гипермаркеттердің жұмысына таңғы 08.00-ден кешкі 21.00-ге дейін ғана рұқсат берілді.

Енді шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін тағы ұзартылып отыр. Қаулының толық мәтінімен осы жерден танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887016-kostanaj-oblysynda-kata-karantin-tagy-zartyldy/