jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Ақтаудан Стамбұлға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта оралды

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтау – Стамбұл бағытындағы ұшақ әуеге көтерілген соң бір жарым сағаттан кейін ұшып шыққан әуежайға қайта оралды. SCAT әуе компаниясы бұл жайттың себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тасымалдаушының мәліметінше, "Ақтау – Стамбұл" рейсін орындау барысында жолаушылардың біреуі ұшу кезінде өзін жайсыз сезінген.

Осыдан кейін әуе бортының командирі әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдаған.

"Ақтауға оралғаннан кейін жолаушыны медициналық қызметкерлер күтіп алды. Барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін рейс қайта жалғасты. Біз үшін жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші кезекте тұрады", – деп атап өтті SCAT әуе компаниясы.

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудан Алматыға бағыт алған Boeing-737 ұшағы қайта оралуға мәжбүр болғанын жазған едік.

Белгілі болғандай "Атырау – Алматы" рейсін орындау барысында SCAT әуе компаниясына тиесілі ұшақтың кондиционерлеу жүйесінің индикациясы іске қосылған.

Сондықтан әуе кемесінің командирі ұшып шығу портына қайта оралу туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшағы аспанға көтерілгеннен кейін қайта қонуға мәжбүр болған еді.

Бұған құстар тобының болжам бойынша, қаздар немесе үйректердің ұшаққа соғылуы себеп болған.

FlyArystan әуе комапаниясының Атыраудан Алматыға бағыт алған ұшағы қайта Атырауға қонуға мәжбүр болған болатын.

Бұл жағдайға қатысты әуе компаниясының баспасөз қызметі пікір білдіріп, рейс кезінде ауа желдеткіш бөлімінің істен шығуы туралы дабыл қағылғанын айтты. Сондықтан тәжірибелі экипаж ұшып шыққан нүктесіне, яғни Атырауға оралуға шешім қабылдаған.

Ақтаудан Стамбұлға бағыт алған ұшақ әуежайға қайта оралды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.