RU

Талғардың жаңа әкімі тағайындалды

Талғар әкімі
Фото: instagram.com/talgar_akimat

Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл жайында Талғар ауданы әкімдігінің ресми Instagram парақшасында белгілі болды.

Аудан әкімінің өкімімен Талғар қаласының әкімі лауазымына 41 жастағы Нұрмұханбет Айдар Болатбайұлы келген.

Ол Қапшағайда дүниеге келген. "Заң" және "Экономика" мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар. Әр жылдары жекеменшік кәсіпорындарда, заң органдарын қоса алғанда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық окурыгының әкімі қызметін атқарған. Кейіннен Талғар ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығын басқарып, Алматы облысы Әділет департаментінің нормативтік-құқықтық құжаттарды тіркеу бөлімінің бас маманы және Талғар ауданы әділет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін Еңбекшіқазақ ауданаралық Әділет басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, Алматы облысы Алакөл ауданының тұрғыны 60 гектар жерге еккен соя дақылын басқа біреулердің заңсыз орып алғанын айтып күйінді. Айтуынша сояны егуге 16 миллион теңге қаражат жұмсаған. Қанат Байболатов қылмыстық істің жылы күйінде жабылып қалғанын айтып шағымданды. Ол облыстық полиция департаментінен жабулы істің көшірмесін сұратты. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаевтың азаматтармен онлайн кездесуінде белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887183-talgardy-zaa-kimi-tagajyndaldy/