RU

Жел, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, 1 желтоқсан күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда күндіз шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғуы ықтимал. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 1-2 желтоқсанда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-2 желтоқсан күндері тұман түседі.

Петропавлда да тұман болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысының кей жерлерінде 1 желтоқсан күні тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887254-zel-tman-kktajgak-elimizdi-birnese-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/