RU

«Хабар» телеарнасында Елбасы туралы тарихи фильмдер циклі басталды

Нұрсұлтан Әбішұлы
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Бүгін кешкі сағат 20.30-да «Хабар» телеарнасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың қызметтік жолы туралы деректі фильмдер циклынан алғашқы кинокартинаны көріңіз.

«Хабар» Агенттігі мен «Аргументы и факты Казахстан» газетінің бірлескен жобасы әртүрлі мазмұндағы 6 фильмнен тұрады. «Хабар» Агенттігінің басшысы Ерлан Бекхожин жоба жетекшісі болды.

Циклдегі әр деректі фильмде тәуелсіз мемлекетіміздің тарихындағы айтулы күндер бейнеленген. Кинокартиналар Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін, оның бүкіл посткеңестік кеңістіктің дамуына қосқан үлесін көрсетуге арналған. Олар Елбасының көшбасшылық құбылысын тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы ашады.

Әр фильмде көрсетілген қызықты фактілер, ерекше пікірлер, архивтік кадрлар елде және әлемде болып жатқан тарихи оқиғалармен үйлеседі.

Циклдегі алғашқы үш фильмдер: «Ыстық 91»: «Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ны қалай құрды»; «Қалыпты ұшу»: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай шығарды»»; «Жою» операциясы: Нұрсұлтан Назарбаев ядролық сынақ полигонын қалай жапты» КСРО-ның ыдырауының ең қиын кезеңінен, тәуелсіздікке жету жолындағы алғашқы қадамдардан, Семей ядролық полигонының айналасындағы кеңестік әскери-өнеркәсіптік кешенге қарсы күрестен сыр шертеді.

Деректі фильмдердің жалғасы «Шайтанды қуып шығару»: «Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық «жуан таяқтан» қалай бас тартқан»; «Өте құпия»: Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валютаны қалай енгізді»; «Кәдімгі ғажайып»: Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астананы қалай салды» көрермендерге тарихтағы ядролық қарусыздану, теңгенің енгізілуі және астананың ауысуы сияқты жарқын сәттер туралы айтып береді.

Бір фильм 26 минутты құрайды. Осы уақыт ішінде әрбір көрермен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен «уақыт секірісіне» қол жеткізген Қазақстанның ойластырылған жаңаруының куәгері бола алады.

30 қараша мен 7 желтоқсан аралығында сағат 20:30-да Хабар телеарнасының эфирінде Елбасының бүкіл әлем бойынша тарихи бағытты қалай бұрып, бүгінде «Қазақстан жолы» деп аталатын теңдесіз атауды қалай құра алғандығы туралы тарихи фильмдер циклінің тұсаукесерін өткізіп алмаңыз.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887277-habar-telearnasynda-elbasy-turaly-tarihi-filmder-cikli-bastaldy/