Қазақстандықтарды желтоқсан айында не күтіп тұр: Белгілі астролог болжам жасады
Жарияланған күні:
Қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әбдірайымова желтоқсандағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.
"30 қараша күні Айдың тұтылуына куә болсақ, 14 желтоқсанда Күннің тұтылуын тамашалаймыз. Бұл астрономиялық құбылыстар бізге қалай әсер етеді?! Ең алдымен, күнделікті, бірқалыпты тірлігіміз өзгереді. Эмоцияға, сезімге көп берілеміз, интеллект пен ішкі түйсік басым түседі. Сенімсіздік пен мазасыздық күшейеді. Жылдың алғашқы жартысында жаңа дос тауып, жұмыс орнын, тұратын жерімізді немесе тағы басқа дүниелерді өзгертуіміз ықтимал", - деді астролог.
Маманның сөзінше, желтоқсан айы күтпеген өзгерістерге толы. Мысалы, біреу аяқасты байып шыға келсе, енді бірі банкротқа ұшырап, жиған-тергенінен қапелімде айырылып қалуы ғажап емес.
Оның сөзінше, осы жолғы тұтылудың тағы бір ерекшелігі – астрономиялық құбылыстың Альдебаран және Антарес жұлдыздарының маңында өтуі.
"Бұлардың энергиясы бүлікке, тұрақсыздыққа, зорлық-зомбылыққа итермелейді. Бұған қоса, ессіздік, қызбалық пен қыңырлық әкеледі. Құқыққорғау немесе сот органдарымен мәселе туындайды. Өрт, дау-жанжал, күш көрсету жиілейді", - дейді астролог.
Маман бұл кезеңде су тасқыны, цунами, вулкан, жер сілкінісімен байланысты табиғи апаттар болуы мүмкін екенін болжады.
Одан бөлек, Әбдірайымова көп адамның өмірлік құндылықтары өзгеріп, жан-дүниесінде күрделі трансформация жүретінін айтты.
"Әр адам жүрегінің түкпіріне үңіліп, өзінің шын мәнінде не қалайтынын – қайда, кіммен және қалай өмір сүргісі келетінін шешеді. Астрономиялық құбылыстардың энергиясы біздің жаңа тәжірибеге, қоғам таңып берген ақпараттық ағынға ілеспей, өз таңдауымызды жасауға, өздігінен шешім қабылдауға қаншалықты дайын екенімізді көрсетеді", - дейді ол.
Сонымен қатар астролог желтоқсаннан бастап және 2021 жыл бойы планета Уран энергиясының ықпалында болатынын атап өтті.
"Уран қоғамдағы бүкіл төңкеріспен және жаңашылдықтармен байланысты. Ол саяси революцияларды, экономикалық өзгерістерді, ереуілдерді, қақтығыстарды басқарады. Уран – бұл реформалар, ауыр өнеркәсіп, жаңа технологиялар. Ескі тәртіп пен тұрақтылықтың жойылуы", - деп болжады ол.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қараша айынан бастап Қазақстанда не өзгеретінін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887329-kazakstandyktardy-zeltoksan-ajynda-ne-ktip-tr-belgili-astrolog-bolzam-zasady/