Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орел и решка" жүргізушісі Қазақстанның табиғатына таңдай қақты (фото)

Опубликовано:

"Орел и решка"
Фото: orelireshka_official

Танымал "Орел и решка" бағдарламасының жаңа шығарылымы Қазақстанда түсірілуде. Бағдарлама жүргізушісі Настя Ивлеева Instagram парақшасында Алматының табиғаты мен қала тұрғындарының қонақжайлылығына тәнті болғанын жазды. Ол кезекті шығарылым махаббатқа және әзілге толы болатынына уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Орел и решка" бағдарламасы Instagram-дағы ресми парақшасында "Девчата" маусымының кезекті шығарылымы Қазақстанда түсіріліп жатқанын хабарлады.

"Қазақстанда жаңа шығарылымды түсіріп жатырмыз!", - деп жазды бағдарлама тобы.

Бағдарлама көрермендері бұл жаңалықты қуана қабылдап, түсірілім тобына мақтау мен тілектерін жаудырды.

"Жер шарындағы ең жайлы қалаға қош келдіңіз", "Меніңше, Қазақстан туралы шығарылымдар ең қызықтылардың қатарында", "Тағы да Алматы" - деп жазған пікір қалдырушылар.

Ал бағдарламаның танымал жүргізушісі Настя Ивлеева өзінің Instagram парақшасында Қазақстанға тәнті болғанын айтып, өзінің Алматыдан алған әсерін жазды.

"Алақай! Ақыры, мен өзімнің Қазақстанда, Алматыда екенімді айта аламын! Менің Қазақстанға соңғы сапарым, сол кездегі Астанада болуым, "Перезагрузка" тобымен келгенім таңғажайып болды деп айта алмаймын. Мен мұнда көрермендерім барын білдім және олар бағдарламаны қуана қарайтынынан да хабардар едім, бірақ менің ойымда мен болған елдерден, қалалардан және жерлерден гөрі мені қатты мазалайтын өзге жастық шақтың дүниелері болды", - дейді ол.

Настя сол сәтте өз мәселелерімен әлек болып, ойы басқада жүргенін де мойындады.

"Енді үш жылдан кейін мен Қазақстанға асыға келдім, Алматыға бірінші рет келуім. Бақытымызға орай, біз тек қала ішін ғана түсірмедік! Табиғатты, қарды, тауларды, шатқалдарды, көлдерді көргенде таңдай қақтым. Мен қатты таңырқап, сиқырлап тастағандай сезімде болдым! Мен көптеген керемет адамдармен кездестім, тіпті байланыс нөмірлерімізбен алмастық! Сіздердің үміттеріңізді ақтауға уәде береміз! Бұл шығарылым сүйіспеншілікке, әзілге және жылулыққа толы болмақ!", - дейді Ивлеева.

Настя отбасымен бірге Қазақстанға тағы да ат басын бұратынына сендірді. Ол, сондай-ақ осы жерде өзіне ерекше ұнаған жерді атады. Бұл - Үлкен Алматы көлі.

"Мен мұнда, тіпті ерекше қуат алатын жер таптым. Ол - БАО (алматылықтар түсінеді). Мен ол жердің сұлулығын көріп, жылап жібере жаздадым. Мен іштей тілек тілеп, қайта келуге уәде бердім! Рақмет, Алматы! Әдемі фотосуреттер мен бағдарламаны күтіңіз!", - деп түйіндеді Ивлеева.

Еске салсақ, бұған дейін әйгілі "Орел и решка" жүргізушілері тағы да Қазақстанға келгенін жазған едік.

Бұған дейін Қазақстан туралы соңғы шығарылым Нұр-Сұлтанда түсірілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887399-orel-i-reska-zrgizusisi-kazakstanny-tabigatyna-tadaj-kakty-foto/

pixel