Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев командалық ауыс-түйістер жайлы әңгімеге нүкте қойды

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: pm.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Бердібек Сапарбаев бұрынғы қоластындағы қызметкерлерін өңірдегі мемлекеттік органдардағы жоғары лауазымды қызметке тағайындауға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Сапарбаев Жамбыл облысына тағайындалған соң өңірдегі мемлекеттік органдарға онымен бірге басқа өңірде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеген адамдар келгенін айтты.

Олар Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Ержан Жылқыбаевты мысал ретінде келтірді. Өз уақытында ол Бердібек Сапарбаевтың қоластында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бірінші вице-министр қызметін атқарған.

Бердібек Сапарбаев қайда жұмыс істеуге барса да, осы сұрақ қойылатынын атап өтті.

"Мен бәріне бірден жауап берейін. Ел Конституциясына сәйкес, кез келген азаматтың елдің қай нүктесінде болса да, жұмыс істеуге құқы бар. Бұл біріншіден. Жылқыбаевқа келсек, естеріңізде болса, президент тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары өз қызметінен босатылды. Бұл әлеуметтік сала.

Сіздер айтқандай, Ержан Жылқыбаев Еңбек және халықты қорғау министрлігінде орынбасар қызметін атқарды. Сондықтан, бұл саладан хабардар адам қажет болды. Прокуратура мен ҰҚКД басшыларына келсе, мен оларды тағайындамаймын, оларды бас прокурор мен ҰҚК басшысы тағайындайды",- деді ол.

Сондай-ақ, әкім басшыларды тағайындау өңірде сол кезде қалыптасқан пандемия жағдайына байланысты болған деп топшылады.

"Мүмкін өздері білетін кадрлар қажет болған шығар. Естеріңізде болса, Ақтөбе облысында лаңкестік жағдай болғанда, олар жұмыс істеген. Бәлкім, Бас прокуратура мен ҰҚК ұлтаралық қарым-қатынасты тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін тағайындаған болар", - деді облыс әкімі.

Сапарбаев Ақтөбе облысында әкім болғанда облыстық денсаулық сақтау басқарамасын басқарған адамның тағайындалуына қатысты да пікір білдірді.

"Бізге жақсы мамандар қажет. Коронавирус эпидемиясы жағдайын ескере отырып оны шақырдық. Байқау бойынша өтіп, тағайындалды. Қазір жақсы жұмыс істеп жатыр",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887511-saparbaev-toptyk-auys-tjister-zajly-ajtty/

pixel