"Үй ішінде дәрет сындырады": Ішкіш күйеуінен шаршаған әйел жанайқайын жеткізді
Жарияланған күні:
Ғалия Құдиярова есімді азаматша күйеуінің әдепсіз қылығынан әбден шаршағанын айтып арызданды. Оның сөзінше, арқа сүйер азаматы араққа тойып алып, бөлменің қақ ортасында қажетін өтеуді әдетке айналдырған. Отағасы, тіпті бұл ісін балаларының көзінше іске асыра беретін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жолдасының ерсіз қылықтарынан әбден шаршаған әйел бұл мәселесімен барша халықпен бөлісіп, өз жанайқайын жеткізді. Ғалия Құдиярова күйеуінің ішімдікке сылқия тойып, үй ішінде дәрет сындыра беретінін айтып шағымданды.
Ол отағасының бұл әрекеттерін қалай тоқтататынын білмей, тығырыққа тірелгенін алға тартты. Құдиярованың сөзінше, соңғы уақытта арқа сүйер азаматы балаларынан жасқанбай, солардың көзінше де қажетін өтей беретін болған.
Азаматша бар күш-жігерін жинап, басына түскен мәселесін "Астарлы ақиқат" студиясында толығымен айтып берді.
"Бұл бағдарламаға осы мәселемен келемін деп ешқашан ойлмаппын. Жолдасым араққа тойып алып, үйге келіп аузына келгенін сөйлейді. Балалардың көзінше боқтайды. Алдында бес жасар қызымызға айқайлап жатыр. Ашуға беріліп, оған қол көтере жаздадым. Өзімді ұстадым. Ол балалардан ұялмайды. Оның бұл қылықтарын неше жыл бойы жасырып келдім. Алайда, шыдамның да шегі бар. Мен әрекетке көшіп, осында келдім. Күйеуім қатты ішіп алып, үйдің қақ ортасында дәрет сындырады. Онысын балалардың көзінше жасай береді.
Үй ішінде тұру мүмкін емес. Мен төрт баламмен басқа бөлмеде жатамын. Оған жоламаймын. Иісі өте жаман. Түнімен ұйықтамаймыз. Бір рет түн жарымда шорылдаған дауыс естіп, атып тұрсам еденге сиіп жатыр екен. Өзінің жатып жүрген бөлмесінің қақ ортасында дәретін сындырып тұр. Мастықпен әжетханаға жете алмай қалдым дейді. Бірақ, онысы өтірік" , - деп ағынан жарылды Ғалия Құдиярова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887606-j-isinde-dret-syndyrady-iskis-kjeuinen-sarsagan-jel-zanajkajyn-zetkizdi/