jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Түркістанда күтпеген жерден баспаналы болғандар қуанышын жасыра алмады

Фото
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістанда тұл жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және Ұлы отан соғысының ардагері күтпеген жерден баспаналы болды. Тұңғыш президент күніндегі тосынсыйды көрген олар қуаныштан көздеріне жас алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай бастаманы қала әкімі Рашид Аюпов көтерген. Ол ата-анасынан айырылған жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және Ұлы Отан Соғысының ардагеріне мереке күні пәтер кілтін табыстаған.

Фото
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Нәтижесінде, бес отбасы күтпеген жерден баспаналы болып, қуаныштарын жасыра алмады.

Фото
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Айта кетелік, мұндай игі шараның басы-қасында жүргендер тосынсыйлар легі тағы жалғасатынын айтқан.

Фото
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желі арқылы елді жылатқан төрт бүлдіршінге Ақтөбе қаласының элиталық ауданынан үш бөлмелі үйдің кілті тапсырылған болатын.

Жалдамалы пәтерде қиналып, қайтыс болған анасын сағынып жылаған балалардың жанайқайы ел президентіне дейін жеткен.

"Әлеуметтік желіге шыққан төрт баланың тағдыры республика көлемінде тарап, бәрімізге мәлім болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз бақылауына алды. Мәселені ыждағаттап шешуді тапсырды. Бұл жерде "Харекет" қоры бар, облысымыздың жомарт жандары бірікті. Шүкір, жақсы қаржы жиналды. "Нектар" құрылыс компаниясы Батыс-2 ауданынан үш бөлмелі 93 шаршы метр болатын баспанасын ұсынды", - дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Сонымен қатар Алматыда мүмкіндігі шектеулі ұлымен қайыр тілеп жүрген жалғызбасты ананың үйлі болғанын жазған болатынбыз.

Түркістанда күтпеген жерден баспаналы болғандар қуанышын жасыра алмады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.