RU

Ақмола облысында кәсіпкер қарияға қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысының Степногорск қаласында 68 жастағы қарияның өліміне әкеліп соқтырған қарақшылық шабуыл жасаған 18 және 22 жастағы күдіктілер ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы қазанның 5-де сағат 11:00 Степногор қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 71 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 68 жастағы інісінің өз пәтерінде денесін тапқанын айтқан. Ер адам жалғыз тұрған.

"Айтылған мекенжайға жеткен тәртіп сақшылары ер адамның біреудің қолынан қаза болғанын анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ер адам жүректің атеросклероттық ауруы нәтижесінде жүрек кемістігінен көз жұмған", -дейді ведомстводан.

Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары ер адамның өзінікінен бөлек, тағы бір пәтерді 5 жыл бойы тәулікке жалға беріп тұрғанын анықтады. Кейін белгілі болғандай, күдіктілер осы пәтерді жалға алып келген.

"Кешенді жедел - іздестіру шарасы барысында Макинск қаласының 18 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Күдіктінің біреуі ұрлық үшін бірнеше рет істі болған. Күдіктілер ер адамның 150 000 теңге ақшасы мен пәтердің кілті және қол сағатын алып кеткен. Алайда, үйден кеткенде ер адам тірі болған. Күдіктілерден түсініктеме алынып, олар аталмыш қылмысты сыбайласып жасағанын мойындады", - деп толықтырды ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктілердің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 192 бабының 3 бөлігі "қарақшылық" және 104-бабының 1 бөлігі "абайсызда адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887739-stepnogorde-ksipker-kariaga-karaksylyk-zasagan-kdiktiler-staldy/