Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда 13 жастағы қызды зорлап өлтірген күдікті өз-өзіне қол жұмсады

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Көкшетауда күдіктінің қайтыс болуына байланысты 13 жастағы оқушы қызды зорлау және өлтіру туралы қылмыстық іс жабылды деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті көз жұмғандықтан, жәбірленушінің туған-туыстары мен күдіктінің анасы және адвокаты қылмыстық іске қатысты материалмен таныстырылған. 

Алдын ала тергеу органдарымен ұсынылған дәлелдер бойынша олар қабылданған процессуалдық шешіммен келіскені белгілі болды.

Қылмыстық іс күдіктінің қайтыс болуы себепті тоқтатылған.

Ведомсво мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында оннан астам сот сараптамалары жасалған.

"Жүзден астам адамнан жауап алынып, жәбірленуші мен күдікті тұлғаның жүрген бағыты бойынша сырттай бақылау камераларындағы бейнежазбалар мен ұялы телефондары зерттелді", - деді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Сонымен қатар, жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде күдікті азаматтың кім екені анықталып, оның кінәсін толығымен дәлелдейтін айғақтар табылған.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда бес жылдан бері құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау ісін тергеп келетінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887879-kksetauda-13-zastagy-kyzdy-zorlap-ltirgen-kdikti-z-zine-kol-zmsady/