Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстерін тағы қысқартады

Опубликовано:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан және Түркия арасындағы екі елдің әуе компаниялары орындайтын рейстер саны аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқартылатын болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 30 қарашадағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан және Түркия арасындағы екі елдің әуе компаниялары орындайтын рейстер саны аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқартылады.

Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - делінген ресми хабарламада.

Қазақстан және Түркия әуе компанияларының рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы әуе компанияларының анықтама қызметтерінен немесе билеттерді сатып алған орындардан нақтылау керек.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тұңғыш Президент күніне орай Түркістандағы Hazret Sultan халықаралық əуежайы Нұр-Сұлтан-Түркістан бағытындағы алғашқы рейсті қабылдағаны туралы хабарлаған едік.

Алдағы уақытта Түркістаннан Нұр-Сұлтанға аптасына 6 рейс, ал Алматыға 4 рейс жиілікпен әуекомпаниялары әуе рейстерді орындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887925-kazakstan-trkiamen-aradagy-ue-rejsterin-tagy-kyskartady/

pixel