Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мақтан тұтамын": Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер туралы айтты

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілерді мақтан тұтатынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлар жылы деп жарияладым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент еліміздің еріктілерін мақтан тұтатынын жеткізді.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деді мемлеке басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы баяндалған еді.

Премьер-министр президентке 29 қараша күні клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді.

25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887972-maktan-ttamyn-kasym-zomart-tokaev-eriktiler-turaly-ajtty/