Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық полицейлер қомақты қаржы жоғалтқан Ресей азаматын риза қылды

Жарияланған күні:

қаражат
Көрнекі фото: molva33.ru

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында құжаттар мен 1 миллион теңгеден аса қаражат салынған файлды тауып, иесіне қайтарды деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 27 қарашасында Сухомлинов Максим есімді Ресей Федерациясының азаматы Назарбаев халықаралық әуежайына “Ыстамбұл-Нұр-Сұлтан” бағытындағы әуе рейсімен ұшып келеді.

Ол әуе кемесінен түсе салысымен әуежайда орналасқан ақша айырбастау пунктіне барған. Одан шыққанда өзінің абайсыздығынан файлын қалдырып кеткен. Бұдан соң, ол таксиге отырып, бipден қонақ үйге тартады.

Ол өзінің заттары мен қомақты қаражатын жоғалтқанын біраз уақыт өткеннен кейiн ғана білген. Патрульдеу барысында елорда әуежайының көлік полицейлері iшiне құжаттар мен 1 800 АҚШ доллар және 50 мың Ресей рублі сомасындағы ақша салынған файлды тауып алған.

Полицейлер Сухомлиновтың құжаттарынан виза алу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігіне жүгінгенін біледі. Олар тез арада бұл туралы елшілікке хабарласып, аталған Ресей азаматының полиция бөлімінің сенім телефонына қоңырау шалуын сұрайды.

Екі сағаттан соң жоғалған заттардың иесі ЖПб-ге хабарласады. Ол тәртіп сақшыларына құжаттары мен ақшасы жоқ екенін түсіндіріп, көлік полициясынан жоғалған файлды өзі орналасқан қонақүйге әкеп беруін өтiнген.

Қомақты қаражат пен құжаттар оған толық көлемде қайтарылды. Жедел уәкілдер өз уақыттарын аямай, қызметтік міндеттерін атқарумен қатар азаматтық борыштарын да орындап, шетел азаматына жеке заттарын жеткізіп берді.

Өз кезегінде Максим Сухомлинов полицейлерге ризашылығын білдіріп, жүрекжарды алғысын жеткізді.

Көлік полициясы барлық азаматтарға, сондай-ақ жолаушыларға өз заттарына мұқият болуды тағы да ескертеді. Жеке мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында барлық құнды заттарды өзімен бірге сақтауға және қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887991-elordalyk-policejler-komakty-karzy-zogaltkan-resej-azamatyn-riza-kyldy/