Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 жасар ұлды зорлаған": Құқыққорғаушы жаға ұстатарлық оқиға туралы айтты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

"НеМолчиkz" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында сегіз жасар ұлдың зорланғаны туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, жаға ұстатарлық жағдай туралы хабар 5 желтоқсан күні түсіпті.

"Қарағанды облысында тұратын сегіз жасар ұлдың әке-шешесі хабарласты. Олардың баласын төртінші сыныптың оқушылары зорлаған. Камераға түсіріп, порно көруге мәжбүрлеген, басқа балалардың, соның ішінде қыздардың көзінше жыныстық қатынасқа түсуге күштеген", - деді Дина Таңсәрі.

Sputnik Қазақстан агенттігі Қарағанды облысының полициясынан құқыққорғаушының жазбасына қатысты түсініктеме беруін сұраған.

"Әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде "сегіз жасар ұлды төртінші сыныптың балалары зорлап, камераға түсірді" деген хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат полицияда тіркелді. Барлық адам анықталып, заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынды. Жәбірленуші тарап дене жарақаты мен зорлық фактісін жоққа шығарып отыр. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", -делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құқыққорғаушы соңғы он күннің ішінде "НеМолчиkz" қоғамдық қозғалысының кеңсесіне осыған ұқсас үш хабарлама түскенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, Шымкент қаласында 12 жасар бала екі ай бойы 4-8 жас аралығындағы бес балаға азғындық жасаған. Ал Түркістанда интернатта 15 жастағы үш жасөспірім 14 жастағы ұлды зорлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында оқушы қызын ауылдастары зорлағанын айтқан ана жанайқайын жеткізген еді.

Сондай-ақ, бұған дейін біз 19 жастағы мұғалімді зорлаған павлодарлыққа сот үкімі шыққанын жазған едік.

Сонымен қатар, қарағандылық азамат 60 жастағы тұрғынды зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, айыпталушы 6,5 жылға сотталды. Сотталушының кінәсі сараптама нәтижелерін қоса алғанда, барлық дәйектер арқылы расталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888039-8-zastagy-ldy-zorlagan-kkyk-korgausy-zaga-statarlyk-okiga-turaly-ajtty/

pixel