jitsu gif
Денсаулық

    Өткен тәулікте коронавирус елімізде қанша адамның өмірін жалмады

    Дәрігерлер
    Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

    Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмонияның 33 жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    Соңғы 24 сағаттың ішінде елімізде өкпе қабынудан өлім жағдайы тіркелген жоқ.

    1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43106, 454 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30956 жетті.

    Сонымен қатар, коронавирустың құрбандары туралы ақпарат пайда болды. Соңғы тәулікте коронавирустың салдарынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram арнасы.

    Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта COVID-19 анықталған 14 096 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 687 науқас жатыр. 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

    Жалпы науқастардың арасында 241 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 39 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

    "Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 712 адам коронавирус жұқтырған.

    Өткен тәулікте коронавирус елімізде қанша адамның өмірін жалмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.