Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Tesla көлігінің Ақтауда түсірілген видеосы Илон Маскқа ұнап қалды

Опубликовано:

Илон Маск
Видеодан кадр: twitter.com/anuarbekiman

Tesla Motors жасаған электрокардың Ақтауда түсірілген видеосы компания басшысы Илон Маскқа ұнап қалды. Миллиардер желідегі жазбаға "лайк" басқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Tesla Model X автокөлігі бейнеленген роликті Әнуарбек Иманбаев Twitter парақшасында жариялады.

"Сәлем, Илон Маск. Tesla Қазақстан, Ақтауға да жетті", - дейді жазба авторы ағылшын тілінде.

Видеодан ақ электрокардың жанында тұрған ер адамды байқауға болады. Ол көліктің сапалы екенін айтқан.

"Маск, beautiful car (әдемі көлік - ред.), керемет!", - дейді видеодағы ер адам.

Бұл жазба Илон Маскқа ұнап қалған сыңайлы. Өйткені миллиардер видеоға "лайк" басқан. Ролик 300 мыңнан аса қаралым жинап үлгерген. Сондай-ақ, 4 мыңға жуық желі қолданушысына ұнаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін SpaceX бас директоры Илон Маск 2026 жылы өзінің компаниясы Марсқа адамдарды жібереді деп мәлімдеме жасаған еді.

Миллиардердің сөзінше, мақсаты шамамен алты жылдан соң орындалады.

"Егер біздің жолымыз болса, төрт жылдан кейін болуы мүмкін. Біз екі жылдан соң онда ұшқышсыз басқарылатын кеме жібергіміз келеді", - дейді миллиардер Берлинде өткен Аксель-Шпрингер марапатын табыстау салтанатында.

Айта кетейік, 16 қарашада Tesla компаниясының акциялары сауда-саттық аяқталғаннан кейін 15%-ға өскен. Ал 17 қарашада акциялар 8,2%-ға өсіп, нәтижесінде Илон Масктың байлығы 7,6 млрд долларға артып, 109,7 миллиард долларға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888178-tesla-kligini-aktauda-tsirilgen-videosy-ilon-maskka-nap-kaldy/

pixel