Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тағы да карантинге жабыла ма: Бас санитар дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: Хабар 24

Атырау облысы бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев өңір қайта карантинге жабыла ма деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін ауру деңгейі қатаң шектеу шараларын енгізетін деңгейге жеткен жоқ. Алайда, мен Атырау тұрғындарын алдын алу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Мерекелік шараларды ұйыдастыру мен оларға қатысуға еш қажеттілік жоқ. Тек қатаң алдын алу шараларымен ғана пандемияның тарауын тоқтата аламыз",- деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Бүгінде өңірде коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызы Теңіз кен орнында анықталды. Сондықтан, мұнда карантин шектеулері күшейтілген.

Айта кетейік, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Ведомстводағылар Алматы қаласы инфекцияның таралу көрсеткішіне байланысты "сары" аймаққа қайта кіргенін мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, сонымен қатар еліміздегі тағы екі өңір "қызыл" аймақтан шыққан. "Алматы сары аймақта. Қызыл аймақта – Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. Сары аймақта – Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары. Қалған облыстар жасыл аймақта", – дейді департаменттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Жалпы Қазақстанда өткен тәулікте 670 адамда COVID-19 инфекциясы ПТР тесті арқылы расталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888440-atyrau-tagy-da-karaninge-zabyla-ma-bas-sanitar-driger-zauap-berdi/

pixel