Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда асхана қызметкері граната тауып алды

Опубликовано:

Жарылғыш граната
Көрнекі фото: armedman.ru

Қарағандыда қоғамдық тамақтану ғимаратында еден жуушы әйел граната тауып алған. Оқиға орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері шақырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

8 желтоқсанда сағат 16.00-де Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Жедел бақылау орталығына 48 жастағы жеке кәсіпкер қоңырау шалған. Ол «Восток-1» ықшам ауданындағы тұрғын үйде орналасқан тамақтану орнының қосалқы бөлмесінде 55 жастағы қызметкер қоқыс астынан гранатаға ұқсас затты тапқанын хабарлаған.

«Қарағанды облысы ПД жедел кезекшісімен оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жіберілді. Тұрғын үй ғимараты мен қоғамдық тамақтану орындарынан 40-тан астам адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері табылған затты тексерді. Нәтижесінде табылған зат ешқандай қауіп төндірмейтін кәдесый граната екен анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, белгілі блогер Азамат Ерғали Ақтөбе қаласына қарасты Қарғалы ауылында темір сарайларда тұрып жатқан 22 отбасының жай-күйін көрсетті. Жергілікті әкімдік бұрын вахта әдісімен келіп-кетіп істейтін жұмысшылар тұрған сарайларды жеке тұлғаларға сатып жіберген. Құжат бойынша бұл темір контейнерлер пәтер болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888480-karagandyda-ashana-kyzmetkeri-granata-tauyp-aldy/

pixel