Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы қарттар үйінде 65 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Павлодардағы қарттар үйі
Фото: Хабар 24

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы қарттар үйінде 65 адамнан коронавирус дерті анықталды. Ауруы расталған 33 жан сондағы жұқпалы аурулар аурухасына жатқызылған деп хабарлайды Хабар 24.

Қалған 27 адам дәрігерлердің бақылауында. Бір науқастың жағдайы ауыр. Бұған қоса қарттар үйінің 11 қызметкері індет жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы қарттар үйінде 150 адам тұрады. Олардың бәрінен ПТР сынама алынған. Бұл жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауында.

Қариялардың жаппай індет жұқтыруына нақты қандай себеп болғанын дөп басып ешкім айта алмайды. Жалпы облыс бойынша  коронавирусқа шалдыққандар саны 7 мың 212 адамға жетті. Наурыз айынан бері есептегенде вирус инфекциясынан 62 адам көз жұмды.

"Қарттар үйінде жаңағы коронавирус инфекциясының үлкен ошағы тіркелді. Бүгінгі күні осы стационарлық емдеу, амбулаторлық деңгейде медициналық бақылауда 65 адам осы ошақтан бақылауда. Соның ішінде 11 қызметкер, қалған адамдар осы қарттар үйінің зейнеткерлері. Бүгінгі таңда 33 адам бақылауда. Соның ішінде бір адамның жағдайы ауыр",- деді Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық дамыту және инновациялық даму бөлімі басшысының м. а Ерғалы Асылбек.

Айта кетейік, Италияның жалпы тәжірибелік дәрігерлер Федерациясының (Fimmg) Бас хатшысы Сильвестро Скотти РИА Новостиге коронавируспен ауыратын жастарға неден қорқу керегін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888483-pavlodar-oblysyndagy-karttar-jinde-65-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel