Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы зообағында 30 жыл өмір сүрген аюдың өлгені хабарланды

Опубликовано:

Алькор
Ақ аю Алькор. Фото: instagram.com/almatyzoo

Алматыдағы хайуанаттар бағында көпшілікке танымал аю Алькор мерт болды. Ветеринарлар эвтаназия процедурасын жасаған. Қайғылы хабар зоосаябақтың ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Алматы зоосаябағында аю 30 жыл өмір сүрген. Ол Қазақстанға 90 жылдары әкелінген. Жануар 1989 жылы өмірге келген. Жақында ғана ол 31 жасқа толыпты.

"Біздің ақ аюымыз Алькордың денсаулығы нашарлап кеткенін айттық. Соңғы екі айда біз Ресейдегі, Израильдегі зообақтардың ветеринарларымен және EAZA мамандарымен бірге Алькордың денсаулығы үшін күрестік. Оның организміне барлық мүмкін емдеу мен қолдау шаралары қолданылды. Өкінішке қарай, қарттық емделмейді", - делінген хайуанаттар бағының жазбасында.

Зоосаябақтың мәліметінше, соңғы уақытта Алькор тамақтанудан бас тартқан. Тіпті өзінің сүйікті тәттілерін де жемепті.

Ешқандай ветеринарлық процедуралардың көмек бермегені атап өтілген.

"Алькорды ауру мен азаптан құтқара алмағаннан кейін зоосаябақтар қауымдастығының этикалық кодексіне сәйкес, ветеринарлық дәрігерлер эвтаназия процедурасын жасады", - деді зообақ.

Бұл шешімді қабылдау өте ауыр болғаны жазылған.

"Алькор біздің мәңгі жүрегімізде", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Павлодарда 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен мұздың астында сіресіп қатып қалған 26 жылқының табылғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, Алматы маңында екі бала мұз астына түсіп қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888511-almaty-zoobagynda-30-zyl-mir-srgen-audy-lgeni-habarlandy/

pixel