Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты аяз, тұман, бұрқасын: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз, тұман және бұрқасын болады деп күтілуде. Қазгидромет дауылды ескерту жариялап, ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 9 желтоқсан күні тұман күтіледі. Орал қаласында 9 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 9 желтоқсан күні қатты аяз 22°С дейін сақталады.

Ал Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

9-10 желтоқсан күндері Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз қатты қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерлерінде секундына 15-20 метрді құрауы мүмкін.

9 желтоқсан күні Павлодар облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с болады деп күтіледі.

9-10 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында 9-10 желтоқсанда тұман болуы ықтимал.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы маңында екі бала мұз астына түсіп қайтыс болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Павлодар өңірінде бір үйір жылқы мұз астында қатып қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888516-katty-aaz-tman-brkasyn-elimizdi-birkatar-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel