Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық кармолог: Пәктігі жоқ қыздарға жын жақын болады

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pexels.com

Халық арасында кармолог ретінде танылған Кама ханым тұрмысқа пәк болып шығу мәселесіне тоқталып, KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берді.

"Тұрмысқа шыққанға дейін пәктікті жоғалтпау аса маңызды. Өйткені, пәктік қызды көп нәрседен қорғаштайды. Неден қорғайды? Бірінші кезекте жындардан қорғайды. Пәктігінен айырылмаған қызға жын жақындай алмайды. Некеге дейін арын жоғалтпай, етегін көтермеген қыз түнде алаңсыз ұйықтай берсе болады. Некесі қиылып, қыздығын адал жарына сыйлаған соң да жын жоламайды", - дейді ол.

Кармолог маман "пәктігінен айырылған қыздардың дені ақыры ажырасып жататынын" алға тартты.

"Жын оған әртүрлі кейіпте келуі мүмкін. Түсінде әдемі еркек ретінде көрініп, аймалап, сипалайды. Төсек қатынасы үшін келетін жындардан сақтану үшін некеге дейін ешкімге етегін көтермегені абзал қыздың. Өйткені, жындар қызды иемденіп, меншіктеп алады да, жігіттерді жақындатпайды. Мұндай мысалдар өте көп. Жалпы, ажырасудың көбейіп, еркек пен әйел арасындағы сыйластықтың азаюына да бұл басты себеп болары анық. Пәктіктің жоғынан мұның бәрі.

Өкінішке қарай, қазір пәктік айтарлықтай проблема болмай қалды. Көпшілік қыздар екіқабат күйінде табалдырық аттайды. Жүкті болып, оң босағада отырғандар да көп. Бұрын ата-бабаларымыз қыздың етегі түрілмеуіне ерекше мән берген еді. Қазір заман ағымына қарай көп нәрсе өзгерді. Десе де, осындай кезеңде де қыздарға ар-ұяттарыңды жоғалтпаңдар дегім келеді", - дейді маман.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда тұрғыны заңды түрде ажырасып кеткен әйелімен қайта қосылғанына өкініп қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, ғалымдар адам өмірін он жылға ұзартатын төрт факторды атағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888576-otandyk-karmolog-pktigi-zok-kyzdarga-zyn-zakyn-bolady/

pixel