Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана LRT құрылысын жалғастыру керек пе: Алтай Көлгінов жауап берді

Опубликовано:

Астана LRT
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ өткен онлайн-брифингте LRT жобасының құрылысын жалғастыру керек пе деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов бастапқыда жоспарда LRT-ның екі тармағының құрылысы қарастырылғанын айтты.

Біріншісі әуежайдан "Нұрлы жол" вокзалына дейін, екіншісі ескі вокзалға дейін салынуы керек болған.

Осы ретте журналистер LRT-ға бір мезетте 2000 адам сиятынын, ал Нұр-Сұлтан әуежайына сағатына 750 адам ұшып келетінін, олардың барлығы жаңа вокзалға қарай бармайтынын атап өтті.

Бұған қатысты жауап берген әкімінің сөзінше, LRT тек әуежай жолаушылары үшін жоспарланбаған.

"Бұл тек әуежай жолаушылары үшін жоспарланбағанын түсіну керек. Қаланың қалай тез өсіп жатқанын көріп отырсыздар ғой. Шамамен 5 жыл бұрын үйлер болмаған, қазір көпқабатты үйлер тұр. Қабанбай батырдың бойында, Пригородный жақта да өсіп жатыр, қарама-қарсы жақтан қаншама шағын аудан пайда болады.

Мыңжылдық аллеясы бар. Ол Тәуелсіздік сарайынан "Нұрлы жол" вокзалына дейінгі аралықты қамтиды. Осы аллеяның бәрі салынатын болады. Қазір онда саяжайлар бар. Олар сүріліп, көппәтерлі кешендер салынады.

Егер 10 жыл бұрын 600 мыңнан аса тұрғын болса, қазір 1,2 млн. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2030 жылға қарай 2 млн адам болады деп болжануда", - дейді Көлгінов.

Еске сала кетейік, үлкен дауға айналған елордадағы LRT ісі бойынша алғашқы сот отырысы 29 қазанда елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

Бұл іс бойынша жеті адам жауап беріп жатыр. Олар Рәшид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.

Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде.

Сот барысында "Астана LRT" жауаптылары бірнеше млрд теңгені қалай жымқырғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888590-astana-lrt-krylysyn-zalgastyru-kerek-pe-altaj-klginov-zauap-berdi/

pixel