Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда 7 жасар қызды зорлаған азамат өмір бойына сотталды

Опубликовано:

Зорлық
Фото: vse42.ru

Байқоңырда 7 жасар қызды зорлады деп айыпталған азаматқа сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Істі қарау барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Іс материалындарына сәйкес, қылмыс осы жылдың 28 шілдесінде болған. Сотталушы өзінің кәмелет жасқа толмаған көршісін подъезде кездестіріп, үйіне шақырған.

Ер адам қызға доп сыйлауға уәде берген. Ол уақытта үйде азаматтың I топтағы мүдегек анасы болған. Ол ештеңе көрмейді және естімейді.

Жағдайды пайдаланған азамат қызды ас бөлмеге апарып, физикалық күш қолдану арқылы зорлаған.

"Істі қарау барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыптау үкіміне сот алды тергеу жұмыстарының материалдары мен сот-медициналық сараптама нәтижелері негіз болды. Сондай-ақ сот жәбірленушінің жауабын тексерді.

Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 120- бабы 4- бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның педагогикалық қызметпен айналысуға құқығы жоқ", - дейді Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түскенін жазған едік.

Одан бөлек, қалада кішкентай қызын зорлаған әке жайлы да белгілі болған еді. Қызылорда облысы мамандандырылған сотының судьясы кешенді сот талқылауы барысында барлық дәлелдемелерді мұқият және объективті зерттеп, тараптардың дәлелдерін тыңдады.

Соның негізінде кінәліге қатысты үкім шықты. Педофил қатаң режимдегі мекемеде 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888785-bajkoyrda-7-zasar-kyzdy-zorlagan-azamat-mir-bojyna-sottaldy/

pixel