Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсудағы зауытта кран кабинасы жанып, 57 жастағы әйелді күйік шалды (видео)

Опубликовано:

Краншы әйел
Видеодан кадр: Pavlodarnews.kz

Ақсудағы ферроқорытпа зауытында кран кабинасы жанып, 57 жастағы әйелді күйік шалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кран өртенді. Оқиға орнында «Қазхром» ТҰК АҚ филиалын күзету жөніндегі өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеді. Өрт алаңы төрт шаршы метрді құрады», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Павлодар облысы еңбек басқармасының дерегінше, краншы зардап шеккен.

«9 желтоқсанда сағат 14.37-де «Қазхром Трансұлттық компаниясы» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағында, №6 цехта шөміштен қож балқымасын ыдысқа электр көпірлі кранмен құю жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы жағдай орын алды. Салдарынан кран машинисі денесінің 10-12 пайызын термиялық күйік шалды", - деп хабарлады еңбек жөніндегі бас инспектор Асқар Қапанов.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы жазатайым оқиға қатысты тергеу ұйымдастырады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында әйел адамның жағдайы орташа ауыр, бірқалыпты деп бағалауда. 57 жастағы әйел 9 желтоқсан күні ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, Алматыда 9 желтоқсан күні салынып жатқан ғимарат өртеніп кетті.

Әлі құрылысы бітпеген ғимараттан шыққан қара түтіннің видеосын өз Facebook парақшасында Александр Аксютиц жариялады.

Өңірдің Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде жалын сағат 10:27- де ауыздықталғанын мәлімдеді.

"9 желтоқсан күні сағат 10:10- да өрт сөндірушілер Алмалы ауданында Шевченко көшесінің Шағабутдинов көшесімен қиылысқан тұсындағы өртке байланысты қоңырауға шықты. Оқиға орнына келген соң салынып жатқан көпқабатты ғимараттың екінші қабатында 10 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені анықталды. Қабылданған шаралардың көмегімен өрт 10:22-де оқшауланып, 10:27- де ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді ТЖ жөніндегі департамент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888854-aksudagy-zauytta-kran-kabinasy-zanyp-57-zastagy-jeldi-kjik-saldy-video/

pixel