Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл" аймаққа енген елорданың айналасына блок-бекеттер қойыла ма

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтанның айналасына блок-бекеттер қойылмайтынын мәлім етті деп жазады Қазақпарат.

Еске сала кетсек, 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа кірген болатын.

Қауіпті аймақта Павлодар облысы да бар. Ал "сары" аймақта Алматы қаласы мен Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Еліміздің өзге өңірлерінің барлығы "жасыл" аймақта.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері әкімдіктің онлайн брифингінде астана тұрғындарын адам көп шоғырланған жерлерге бармауға және алдағы мереке және демалыс күндері қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырмауға шақырды.

"Алдағы мереке күндері сіздер 4 күн демаласыздар - бұл күндерді отбасыңыз және достарыңыздың ортасында өткізу мүмкіндігі болады. Сіздерден мерекені үйлеріңізде қарсы алуларыңызды сұраймын", - деді Жанна Пірәлиева.

Ол 14 күн бойы Нұр-Сұлтанның "сары аймақта" болғанын, соған қарамастан, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында осы желтоқсанның демалыс және мереке күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, базарлардың жұмысын бастауға мүмкіндік беретін қаулы қабылданғанын айтты.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 836 адам тіркелді. Олардың 118-і Нұр-Сұлтан қаласынан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 139 995-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889014-koronavirus-bojynsa-kyzyl-ajmakkan-engen-elordany-ajnalasyna-blok-beketter-kojyla-ma/

pixel